0:00 / 0:00
"Ақ жолдықтар" үгіт-насихат жұмыстарымен Сырым ауданына барды. Ең алдымен демократиялық партияның өкілдері "Алаш" саябағына табан тіреп, "Батыс Алаш орданың" кешені болған музейді аралап көрді. Кейін "Ақ жол" Қазақстан Демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Сырым ауданындағы сайлаушылармен кездесті. Саяси додаға түсіп жатқан партия өкілдері сайлау бағдарламасын таныстырды.
Кездесу барысында "Ақ жолдықтар" кәсіпкерлердің бастан кешіп жатқан қиындықтарын баяндап берді. Партия көсемі Азат Перушевтың өзі мониторингтік топтың өкілдері қызметін асыра пайдаланып жатқанын атап өткені де есімізде. Әлем бойынша таралған кесел кесірінен мыңдаған адам жұмыссыз қалып, отбасын асырай алмай отыр. Әрбір адам үшін өзекті мәселелерді де партиялықтар ортаға салды.
"Ақ жолдықтар" жиынды түбегейлі өзгерістер керек деп түйіндеді. Елімізде мәжіліс пен облыстық, қалалық мәслихат депуттаттарының сайлауы 10-шы қаңтарда өтеді.