Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төтенше жағдай енгізіле ме?

c 11:54, 15/10/2020 c 436

0:00 / 0:00

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус індеті өршіп кетсе, төтенше жағдай режимі қайта енгізілуі мүмкін деді. Бұл жайында ол ОКҚ өткен брифингте айтты.  Министрдің айтуынша, бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Әр азамат бетперде тағып, ара қашықтықты сақтап, бұқаралық шаралар ұйымдастырмаса, карантинсіз-ақ бұл жағдайдан шығуға мүмкіндік бар.Ал бүгіннен бастап ел астанасында карантин қайта күшейтіліп отыр. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің кемінде 60 пайызы қашықтан жұмыс істейді.Ал азық-түлік емес атуарлар сататын дүкендердің, мейрамханалар мен дәмханалардың  жұмыс уақыты қысқартылды.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндаған министр Алексей Цой бәрі өз қолымызда дейді. Егер қазақстандықтар санитарлық талаптарды сақтамаса, инфекция адамнан адамға жұғып, карантин қатаңдатылуы әбден мүмкін. Қауіпті індет елде өршіп кетсе, төтенше жағдай жариялау да қарастырылып отыр. Бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Әр азамат бетперде тағып, ара қашықтықты сақтап, бұқаралық шаралар ұйымдастырмаса, карантинсіз-ақ бұл жағдайдан шығуға мүмкіндік бар деді министр. Дегенмен, кей өңірлерде карантин талаптары қайта күшейтілуде. Бүгіннен бастап елордада карантин талаптары қатаңдатылды. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің кемінде 60 пайызы қашықтан жұмыс істейді.Ал азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендердің, мейрамханалар мен дәмханалардың  жұмыс уақыты қысқартылды. Сол сияқты Атырау, Маңғыстау облыстарында да карантин күшейтіліп отыр. Журналистер тарапынан бұл жерде саяси астар бар ма деген сұрақ туындады.

Алексей Цой    - ҚР ДСМ «Бұл жерде ешбір саяси мәселе жоқ. Мәселе коронавирусты жұқтырғандар санының артуында болып отыр. Сондықтан да шектеу шаралары енгізілуде»

Министрлік өкілдері аты жаман індеттің таралуы артып, ауруханаға түскен науқастар саны 30 мыңнан асқан жағдайда ғана қатаң карантинге ораламыз дейді.

Мектеп оқушылары екінші тоқсанда дәстүрлі білім алуға көшуі мүмкін бе деген мәселе жиі көтеріліп жатыр. Денсаулық сақтау министрі бұл мәселе қаралып жатқанын айтады. Бірақ,  қазір республикада 184 оқушы коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 73 бала кезекші сыныптарда оқығандар. Сондай-ақ, пандемия барысында табысынан айырылған бизнестің бір түрі-кинотеатрлар. Жабылғанына жарты жыл болған кинотетарлар шығынша батып, банкротқа ұшыраудың алдында тұр. Министр Цой бұл мәселе де талқыланып жатқанын, театрларға берілген жеңілдіктерді кинотеатрларға да беру мәселесі қарастырылуда  деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.