Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тотализаторлар ойын аумағына көшіріледі

c 15:52, 14/05/2020 c 490

0:00 / 0:00

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар Қазақстандағы ойын зоналарының аумағына ауыстырылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин мәлімдеді. Оның айтуынша, бастапқыда заң жобасы казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру бойынша үш жаңа ойын аймағын құруды қарастырған. Бірақ депутаттар бұл норманы қабылдамады. Толығырақ біздің елордалық тілшілердің материалында.

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанға казино салуға және пайдалануға болатын аймақтар көбірек қажет деп шешті. Сондықтан ойын бизнесі мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі. шенеуніктердің пікірінше, ойын аймағын кеңейту үш негізгі міндеттерді шешуге көмектеседі: жаңа туристік кластерді дамыту, бюджет кірістерін ұлғайту; елеулі инвестицияларды тарту. Бірақ депутаттар бұл норманы қабылдамады.

Ақтоты Райымқұлова; «Шынымен бастапқыда заң жобасында казино мен ойын автоматтарын орналастыру бойынша қосымша үш ойын аймағын ашу көзделген. оларды Алматы облысының Талғар және Панфилов аудандарының аумақтарында, сондай-ақ Маңғыстау облысының Каспий теңізінің жағалауында орналастыру жоспарланған. Себебі бұл аймақтар жаңа туристік кластерді дамытуға, бюджет кірістерін ұлғайтуға және инвестицияларды тартуға септігін тигізеді деп ойладық. Бірақ бізге халқымыздың тыныштығы маңызды.»

Ұқсас жағдай букмекерлік нормамен байланысты болды. Қазақстанда букмекерлік кеңселерді арнайы ойын аймақтарына көшіру ниеті бар. Бірақ,  букмекерлер Қапшағай мен Бурабайға жер аударсаңдар мемлекетке 20 млрд. Теңге түспей қалады деп қорқытты. Ақша тігетін астыртын кеңселер пайда болады, дейді кәсіпкерлер. Қазір Қазақстанда лицензияланған 500 букмекерлік зал жұмыс істейді. Букмекерлердің пікірінше, олардың клиенттері арнайы ойын аймағына тек бәс тігу үшін бармайды. Есесіне олар біздің заңнамаға бағынбайтын шетелдік интернет-ресурстарға кетеді, дейді. Бірақ депутаттар бұл пікірді теріске шығарды.

Букмекерлік кеңселердің зияны казинодан кем емес. бәс-тәуелділік тудыратын құмар ойын. ойыншылар үлкен соманы жоғалтады, ал олардың туыстары құмарлықтан зардап шегеді. Қазір букмекерлік кеңселер тұрғын үйлермен, университеттермен және бизнес-орталықтармен көршілес орналасқан. Егерде заң күшіне енсе онда олар басқа жаққа көшіріледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.