0:00 / 0:00
Оралда соңғы төрт күнде 600-ге жуық адамнан коронавирус анықталды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары 18-21 сәуір аралығында облыста 858 науқас тіркелсе, соның 576-сында ауру белгілері бар, 282-сінде симптомсыз өтуде деп мәлімдеді. Соның ішінде 597-сі Орал қаласында.Өңір ай жарым уақыттан бері ауру жұқтыру матрицасына сәйкес қызыл аймақтар тізімінде. Барлық аудандар бойынша КВИ-ге шалдығу дерегі тіркелген. Індет әсіресе облыс орталығында өршіп отыр.Облыста коронавирусқа шалдыққандар 11 инфекциялық стационарда ем қабылдап жатыр. Қалалық аурухана жанынан қосымша 200 орындық кереует дайындалған.Айта кеткен жөн, кешегі күні облыста 181 адам ауру жұқтырса, 138 науқас аурудан айыққан