Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тондар жәрмеңкесі

c 17:11, 28/10/2021 c 1480

"Союз Меха" фирмасы құндыз, қаракүзен, бұлғын және мутон сияқты бағалы аң терісінен тігілген тон-ішіктердің сан алуан түрін ұсынып отыр. Сонымен қатар, түлкі, оның ішінде арктикалық түлкінің терісінен тігілген тондар бар. Көрмеге ішіктердің 5000 үлгісі әкелінген. Нағыз сәнқойлар үшін бұл керемет мүмкіндік. Қаржыңыз қалауыңызға сай келсе, дене бітіміңізге жарасымды тондарды сатып алудан қапы қалмаңыздар. Көрмеде таңдау мол. Өндірушілер шикізатты негізінен Канада, Дания, Финляндия, Австрия елдерінен сатып алады. Көрмеде тондарға 50 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

Олеся Ребенок, "Союз меха" көрмесінің әкімгері:

-Біздің көрмеде тондар мен ішіктердің 5000 астам түрі қойылған. Кез-келген үлгідегі, киім өлшемі мен қалтаңыздағы қаражатқа сай тонды таңдап, сатып алуға жәрдемдесеміз! Көрмеміз бесінші қазан мен 31-қазан аралығында жұмыс істейді. Тондарды екінші деңгейлі банктер арқылы несиеге рәсімдеуге немесе ай сайын бағасын бөліп төлеуге болады,-дейді.

Жылы тон іздеген жанның бірі -Виктор. Ол таңдауы мол көрмеге келіп, іздегенін бірден тапқан.

Виктор, қала тұрғыны:

-"Союз меха" компаниясы ұсынған көрмеге келдім. Көрмеде таңдау мол екен. Тондардың сапасы да көңілімнен шықты. Жолдасыма сапалы тон іздеген едім. Енді міне өзімнің талғамымнан шыққан тонды таптым,-дейді.

"Союз меха" компаниясы нарықта 30 жылға жуық жұмыс істейді. Көрме 5-қазан мен 31-қазан аралығында өтпек. Тондардың бағасын банктер арқылы 24 айға дейін несиеге рәсімдеу немесе бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылған. Көрме Сырым Датов көшесі 28/2 мекенжайында орналасқан "ТВОЙ ДОМ КВАНТ" сауда үйінде таңғы сағат 10-нан кешкі 21:00-ге дейін сіздерді асыға күтеді!

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.