0:00 / 0:00
Талғампаз ханымдар үшін сапасы жоғары, әрі барынша сәнді эксклюзивті тондар саттықта. "Союз Меха" фирмасы ұсынған құндыз, қаракүзен сияқты бағалы аң терісінен тігілген тон-ішіктерінің сан алуан түрін ұсынып отыр. Тондардың жәрмеңкесі 30-шы қарашаға дейін жалғаспақ.
Күз келгенде барып, нәзік жандылардың қыстыгүні қандай сәнді киім киіп, өз ойындағыдай сұлу көріну үшін нендей киім сатып алсам екен деп ойланатыны жасырын емес. Егер сіз үйлесімді сұлуылық пен стильді, ыңғайлы және кепіл берілген сапаны қаласаңыз және өз уақытыңызды бағалай білсеңіз, таңдау жасайтын уақыт келді. Талғампаз нәзік жандыларға арнап "Союз меха" компаниясы жеңілдіктер науқанын ұйымдастырады. Науқан 30-шы қарашаға дейін жалғасады. "Союз Меха" фирмасы ұсынған құндыз, қаракүзен сияқты бағалы аң терісінен тігілген тон-ішіктерінің сан алуан түрін ұсынып отыр. Өндірушілер шикізатты негізінен Канада, Дания, Финляндия, Австрия елдерінен сатып алады. Бағасы эконом класстан элиталық класс аралығында. Көрмеге ішіктердің 5000 үлгісі әкелінген. Қаржыңыз қалауыңызға сай келсе, дене бітіміңізге жарасымды 38 және 74 өлшем аралығындағы бұйымдар алушысын күтеді.
Мұнда кез келген жан өзіне қажетті ішіктерге тиімді бағада қол жеткізе алады. Құндыз тондарға 50 пайызға дейінгі жеңілдіктер бар. Кәсіби кеңесшілер сапалы, жылы әрі әдемі тонды таңдауға көмектеседі. Ресейлік дизайнерлердің экслюзивті тондарын тамашалап, сатып алғыңыз келсе, "Квант" сауда үйіндегі жәрмеңкеге асығыңыз! Сағат таңғы 10-нан кешкі сағат 19:00-ге дейін жұмыс істейді, келемін деушілерге есік ашық.