Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төлқұжат жасау оңтайландырылды

c 17:07, 11/12/2019 c 810

0:00 / 0:00

Жеке басты куәландыратын құжатқа енді үйде отырып-ақ, тапсырыс беруге болады. Бұл туралы бүгін БҚО ПД ұйымдастырылған брифингте сала мамандары мәлімдеді. Аталмыш жұмыстар Президент тапсырмасы аясында қағазбастылықтан арылу бағытында атқарылып отыр. Айта кету қажет ескіден жаңаға көшкенде ғана онлайн қызмет түрін пайдалана аласыз. Мерзімі аяқталған жеке куәлікті жаңа нұсқасына ауыстыратын болсаңыз, үйде немесе жұмыста отырып-ақ рәсімдеуіңізге болады. Сонда халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ары-бері сабылмайсыз. Суретіңізді де арнайы белгіленген тәртіп бойынша құзырлы мекемеге жібересіз. Баспасөз алаңында алимент төлемей жүргендер жайы туралы да ақпарат берілді. Мәселен, өткен жылға қарағанда туған баласының алдындағы парызын өтемей жүргендер саны  - 18 пайызға азайыпты. Сонымен қатар брифингте шетелден келген мигранттардың жайы туралы да сөз болды. Мәселен, өзге елдерден 11 айда 19 мыңнан аса шетелдік облыс территориясына келсе, олардың 7 мыңнан астамы нәпақа көзін іздегендер. Ал олардың қатысумен көп жағдайда ұрлық пен ұсақ құқық бұзушылықтар тіркелетін көрінеді. Мигрнаттарды жазалу шаралары қос мемлекет арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.