0:00 / 0:00
Осыдан тоғыз жыл бұрын Түркіменстан Республикасынан өңірімізге табан тіреген Незира Қалдыбаеваның қолында бірде бір құжаты жоқ. Басты себеп- қызыл паспортын жоғалтып алуында. Қолында тек туу туралы куәлігінің көшірмесі болғанымен - не қайыр. Тұрақты жұмысқа да тұра алмайды. Тіркеу - өз алдына үлкен мәселе.
Кейіпкеріміздің Түркіменстан Республикасына барып өзі жөнінде мәліметтерді қайта сұрайын десе қаражаты жоқ, ал көші-қонға барса анықтамалар легін сұрап сандалтады ,- деп налиды ол. Құжатсыз аурухананың қызметін де ала алмайды. Оның қазіргі қалауы - тұрқты жұмысқа орналасатындай бір құжатты рәсімдеу.
Тоғыз жылдың торабындағы төл құжат өтініш берумен шешілсе игі. Бірақ, өзге елдің азаматтығымен, төл құжатты жасату - аз уақыт емес. Арнамызға шағымданған кейіпкеріміздің қазіргі мәселесі - көші-қон полициясына артылып отыр.