0:00 / 0:00
«Батыс Су Арнасы » мемекесінің мамандары салқын су мен кәріз жүйелері қызметіне берешегі бар тұтынушылардың есігін қағу әдетке айналдырып келеді. Циолковский шағын аудандағы мына пәтер иесі коммуналдық төлемге 80 мың теңге қарыз. Бірақ, төлеуге асығар емес. Тексеріске шыққандарды қала тұрғыны жылы қабылдай қоймады. Қала тұрғындарының су мен кәріз қызметі үшін дебиторлық берешегі - 380 млн теңгеге жеткен. "Батыс Су Арнасы" ЖШС -гі бұған дейін борышкерлерге аталған қызметтерден ажырату түріндегі шара қолданып келгенімен, бұл да оң нәтиже бере қоймаған. Сондықтан кәсіпорын енді қарызын қайтарудан жалтарғандардың мүлкін тәркілеуге кіріспек ниетте.Биылғы жылы жауапты мекеме тарапынан 480-ге жуық атқарушылық сот өндірісі қозғалғанымен, 2019 жылдың 11 айында борышкерлер 113 млн. теңге берешек көрінеді.