Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы Жарлығы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ұлттық комиссия туралы ереже;
2) Ұлттық комиссияның құрамы;
3) Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.