Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында "Оралман" сөзінен бас тарту керектігін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. "Бұған дейін айтқанымдай, атамекеніне оралған қазақтарға қатысты Оралман сөзінен бас тартып, оның орнына Қандас сөзін енгізу керек. Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады.", - деп жазды Президент.
Как я говорил ранее, надо отказаться от слова "оралман" в отношении вернувшихся на историческую родину казахов в пользу термина "қандас". Жеті атасын білетін халыққа "қандас" деген ұғым жарасады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 19 сентября 2019 г.