0:00 / 0:00
Бүгін Оралдағы тойхана иелері 50-кісіге дейін қызмет көрсетуге рұқсат беруді өтініп «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрады. Кәсіпкерлердің сөзінше 7 айға жуық жұмыссыз отырған олар несиелеріне төлей алмауда.Ірі мейрамхана, тойхана иелері мен жұмысшылар наразылық өткізіп, ірі банкет залдарын ашуды талап етті. Рестораторларға 50-ден астам адам қабылдауға рұқсат беруді сұрады. Олар базарлар мен сауда орындары ашылған шақта ірі мерамханаларға жұмыс жасауға рұқсат бермей отырған билікке наразы.Коронавирусқа байланысты шамамен 6 ай карантинде болып, соңғы кезде шектеу шараларының басым бөлігі алынған Оралда қоғамдық тамақтану орындарына 30-дан артық адам қабылдауға тыйым салынған. Соның кесірінен кәсіпкерлер шығынға батқан. Кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі бизнестерін несие алып бастағандықтан бүгінде бұл мәселе сала мамандарына таныс. Және тез арада бұл проблеманың шешу жолдары ел аумағында қаралуы тиіс дейді.Орал қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Роза Кәкімқызы қоғамдық тамақтану орындарына 30-дан артық адамның жиналуына рұқсат бермеу себебін түсіндірді: - Коронавирус инфекциясы жойылды деуге ерте. Тек ел аумағында қолға алынған карантиндік шаралардың нәтижесінде ауру жұқтырғандар қатары азайып отыр.Кішігірім тамақтану орындарында адамдар тойхана, банкет залдарындағыдай ұзақ отырмайды. Науқастар өсімі күн сайын құбылып тұр. Мұндай орындарды ашу вирустың тарау жылдамдығын арттыруы мүмкін. Қазан айында аурудың екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Сол себепті денсаулыққа мән беру қажет, - деді ол. Кешегі күнгі мәлімет бойынша облыс аумағында 3 адам ковид 19 инфекциясын жұқтырған.