Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тойға барсаң 83 мың теңге ала бар

c 17:49, 30/03/2021 c 866

0:00 / 0:00

Карантиндік талаптарға бағынбағандар енді қатаң жазаланатын болады. Өйткені санитарлық талаптарды ұмыт қалдыратындар азаяр емес. Бір ғана мысал «Айзат» тойханасы бірнеше мәрте сот шешімімен жұмысын уақытша тоқтатса да, той-томалақ ұйымдастыруды жалғастыруда. Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы мәлімдеді. Бұл «Светлана» супермаркеті. Өздеріңіз көріп тұрғандай сатушы бетпердесіз қызмет көрсетсе, «Flymax» батут орталығына келушілер карантиндік талаптарға пысқырар емес. Ал «Айзат» тойханасы бірнеше мәрте той өткізсе, Зашағандағы «Динар» мейрамханасы да 100-ге жуық адамның басын қосқан жиын өткізіпті. «Березка» саунасы мен «Астана» сауда үйі сенбі-жексенбіде тұтынушыларын қабылдаған. Шектеу шараларына құлақ аспай аурудың өршуіне себеп болған кәсіпкерлік нысандарына байланысты хаттама толтырылып, істері сотқа жолданған. Жыл басынан бері мониторингтік топтармен шектеу шараларын бұзған 94 жағдай анықталған. «Ауруын жасырған өледі» демекші, жасырын той жасағандар қатары артпаса, төмендемей отыр. Сәйкесінше өңір 16-шы наурыздан бері қызыл аймақтар қатарында. Енді тәртіпке бағынбағандарды жазалау одан сайын қатаңдалады. Егер де той- томалақ, садақа мен көпшілік жиындарға барар болсаңыз 83 мың теңге айыппұл төлейтін боласыз. Өкішке орай «денсаулық зор байлықтың» қадірін ұғынатын қазекемнің қазіргі түсігіні ұяттан аса алар емес. Ендеше тойға бардыңыз ба, шашудан бөлек 83 мың теңгені қалтаңызға сала барыңыз.Бұдан бөлек жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерді де тексеру нәтижесінде санитарлық талаптарды бұзған жүргізушілерге айыппұлдар салынған. Бүгінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жолаушылар бөлімі 10 материал бойынша жұмыстануда. Естеріңізге сала кетіміз мониторингтік топ жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.