Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды

c 17:56, 26/03 c 8

0:00 / 0:00

Оралда тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыс 350-ден астам спортшының басын қосып отыр. Қатысушылар еліміздің 3 қаласы мен 17 облысынан келді. Өңірде ұлттық спорт түрі кең көлемде насихатталуда. Оралдағы Оқушылар сарайы спортшылар мен жаттықтырушыларға лық толы. Мұнда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасындағы 23-ші ҚР-ның чемпионаты жалуын көтерді. Қазақстан чемпионатына 372 қатысушы тіркелген.
Тоғызқұмалақ - балалардың ақыл-ойын дамытатын ойын. Сондықтан еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық ойынға деген қызығушылық та, қолдау да жоғары. Бүгінде Ақжайық төрінде өтіп жатқан тоғызқұмалақ додасына кіл үздіктер жиналған. Павлодар облысынан келген жаттықтырушы Жанат Каймулдин ой жарысы тартысты өтіп жатқанын айтады.
Ел біріншілігі 26 наурыз бен 3 сәуір аралығында өтеді. Жарыс аясында спортшылар Азия чемпионаттарына іріктеледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.