Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ТМД+» ФОРМАТЫН ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ

c 09:56, 10/10 c 8

0:00 / 0:00

«ТМД +» форматын құру туралы мәселені қарастыруды ұсынамын. Мұндай алаң Достастықтың өңірлік байланыстарын кеңейтуге негіз болады деді Қазақстан Президеніт Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарында. Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Айтулы жиында ТМД елдерінің барлық басшылары бас қосты. Қазақ басшысы геосаяси тұрақсыздық пен аумалы-төкпелі халықаралық ахуал жағдайында өтіп жатқан бүгінгі кездесу Ұйым жұмысына тың серпін беруге тиіс деп мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанның Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісім жасауға деген ұмтылыстарын құптайтынын. Орталық Азия аймағындағы мемлекетаралық шекаралардың жекелеген бөліктерін заңдық тұрғыдан ресімдеуді аяқтау ісінде айтарлықтай ілгерілеу бар екенін айтты. Президенттің пікірінше, әлем экономикасында тұрақсыздық белең алып тұрған жағдайда сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері ұдайы назарда болуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін ТМД нарықтары қашанда маңызды екенін жеткізді. Осы орайда қазақ басшысы ТМД ұйымы халықаралық деңгейде кеңінен мойындалғанына тоқтала келе, «ТМД +» форматын құруды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.