0:00 / 0:00
Оралда 2004 жылғы жасөспірім газ балоны жарылып көз жұмды. Қайғылы оқиға 1 ақпан күні түнгі сағат 11 мен 12 нің аралығында болған. Бүгінде қайғыдан қан жұтып отырған отбасы баспанасыз қалған.Ташкент көшесі 26-шы үйдегі 15 жасар жасөспірімнің қалай бақилық болғаны туралы нақты ақпарат әлі беймәлім. Оқиғаның жай-жапсарын тергеумен бүгінде полиция департаментінің мамандары шұғылдануда. Отбасының көршілері болса, тілсіз жаудың салдарынан қыршын кеткен жас ғұмырдың жақсы қасиеттерін айтып, еске алды.Қызыл жалын тұрғын үйдің шатырын, ас үй бөлмесі мен дәлізін шарпыған. Ал марқұм Николайдың атасы үйде көгілдір отынның ажыратылғанын, сол себепті газ балонды пайдаланбақ болғанын айтады.
Төтеншеліктердің ақпаратынша, жалын 20 шаршы метр аумаққа таралған. Жыл басынан бері облыстағы тұрғын үй секторында 31 өрт өқиғасы тіркелген.Көмекке мұқтаж отбасына қол ұшын берем деушілер көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуына болады.