0:00 / 0:00
Жаз басталғалы тілсіз жау-өрттен зардап шегу оқиғалары азаймай тұр. Өткен сенбі күні Қаратөбе ауданы, Соналы ауылының тұрғынының қора-жайын қөрт шарпыды. Салдарынан 13 тонна шөп түгелімен жанып кетсе, тілсіз жау 135 шаршы метр аумақтағы шаруашылық жайларын да жалмаған. Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті берген мәліметте оқыс оқиғаның аталған елді-мекенде 13 шілде күні, түнгі сағат 03.18-де тұтанғаны айталған. Аудандағы №18 өрт сөндіру бөлімінің күшімен жалын таңғы 8 сағат 10 минутта ауыздықталып, 9.57-де толықтай сөндірілген. Биылғы жыл басынан бері өңірде 301 өрт оқиғасы тіркеліп, 10 адам жарақат алыпты. Өкінішке орай 4 адам тілсіз жаудың құрбаны болған.