Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тілеухан мандатынан бас тартуға дайын

c 19:00, 21/10/2019 c 632

0:00 / 0:00

Елдегі білім беру деңгейі, сапасы сын көтермейтін оқулықтар, жаңартылған білім беру жүйесінің артықшылығы мен кемшілігі, мұғалімдер мәртебесі, жоғарғы оқу орындардағы мәселелер, ауыл мектептерінің бүгінгі жай-күйі Мәжілісте өткен Үкімет сағатында талқыланды. Бүгін депутаттар алдына келген білім министрі Асхат Аймағамбетовке қойылған сұрақтар легі аз болмады. Орта білім беру жүйесін, оқулықтар сапасын сынаған депутат Бекболат Тілеухан білім беру деңгейін көтеру үшін депутаттықтан бас тартып, министрдің көмекшісі болуға дайын екенін айтып, ашуланды.

Елдегі білім беру жүйесі, оны ішінде орта білім беру саласы көпшіліктің көңілінен шықпай отырғаны мәлім. Оқулықтардағы өріп жүрген қателіктер, жаңартылған білім беру жүйесі, мұғалімдердің мәртебесі, ауыл меткептеріндегі маман тапшылығы, үш аусымды мектеп сандарының көптігі, сыныптарда бала санының нормадан асуы- ушығып тұрған мәселе. Білім министрінің жеке үкімет сағатына мәжілісмендер әбден дайындалған екен. Министр Аймағамбетовтің  алдында білім саласындағы барлық шешілмей жатқан проблемаларды үйіп-төгіп тастады.Орта білімдегі сорақылық, оқулық мәселесі қоғамның  ашуын тудырып отыр деді депутат Тілеухан.

Білім министріне қазақстандық ата-аналардың талабын жеткізген депутат, қазіргі білім беру жүйесімен түп-тамырымен өзгертпесек, құрдымға кетеміз деп ашуланды.

Мұғалімдер дайындайтын жоғарғы оқу орындарының да білім беру сапасы сын көтермейді. Тізе берсек, білім саласында проблема шаш-етектен. Осыған дейінгі министрлер шешпей кеткен шаруаны Аймағамбетовтен талап еткен Бекболат Тілеухан, депутаттық мандатынан бас тартып, министрдің көмекшісі болуға дайын екенін айтып, ашынды.

Ауылдағы мектептердің күйі мүлдем көңіл қоншытпайды. Депутаттар ауыл балаларының білім деңгейі қала балаларынан әлдеқайда төмен екендігін айтты.

Еліміздің бас мұғалімі бұл шындықты жасыра алмады.

Не керек, министр Асхат Аймағамбетов білім беру саласындағы жетістіктерді тізіп, баяндама жасағанымен, түкпкілікті мәселелердің шешілмей жатқанын мойындап, қап-қап жүкті арқалап кете берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.