Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тіл - тұтастық туы

c 16:57, 06/09/2018 c 1017

0:00 / 0:00

Қазақстан халқының тілдері күніне орай Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында “Тіл-тұтастық туы” атты жалпы халықтық тіл фестивалі өтті.
Аталған шара “Рухани жаңғыру” бағдарламасы мен Астана қаласының 20 жылдығын кеңінен насихаттау аясында ұйымдастырылып отыр. Шара шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов ашып берді. Сөз барысында Ғабидолла Оспанқұлов үш тілді білудің тиімділігін атап өтті.

Аталмыш фестиваль облысымыздың барлық аудандары мен Орал қаласында аталып өтпек. Айта кету керек,Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күні Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл деп ұлағатты сөз қалдырған,қазақ халқының тілі үшін күрескен Алаш арысы,Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Шараның негізгі мақсаты жыл бойы өткізілген шараларды қорытындылау,өңірімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру,нығайту.Шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырларын облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов тіл саясаты комитетінің құрмет грамоталары және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.Жалпы облыс көлемінде тіл айлығы аясында 80-нен астам іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

Фестиваль соңында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қуандық Рахым ән шырқап,кешке жиналған қауымның рухын бір көтеріп тастады.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.