Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Техникалық байқау күшейтіледі

c 20:36, 08/11/2019 c 781

0:00 / 0:00

Техникалық байқаудан өткізу барысында заң бұзушылықтар орын алуда. Осылайша арампиғылды көлік иелері  техникалық байқау орталықтарымен өзара келісіп алып, байқаудан өтті деген жалған құжатты алып алады.  Көлік комитеті өкілдері, технкиалық байқау орталықтарының жұмысын қамтитын бағдарламаның талаптарын осы жылдың шілдесінде бекіткен едік. Әйтсе де, техникалық байқау орталықтары ол талаптарды ескермей келді дейді.

Есіріген, тозған көліктер көп жағдайда жол-көлік апатының орын алуына себеп болса. Сондай-ақ, ескі көліктен қоршаған ортаға тарайтын улы заттарда үлкен зиянын тигізіп отыр. Көлік комитетінің мәліметінше, Қазақстанда құрамында мыңға тарта техникалық байқау орталығы бар 645 оператор жұмыс істейді.Жыл сайын техникалық байқаудан 2 млн көліктің 1,8 миллионы өтеді. Яғни, көліктердің 5 пайызы өтпей қалып жатыр. Арампиғылды көлік жүргізушілері техникалық талаптарға сай келмейтін көлігін өткізіп алуы үшін, байқаудан өткізетін орталықтарға ақшасын төлей салады да, жалған құжат алады. Осындай деректер жиі тіркеліп отыр дейді, комитет өкілдері

Данияр Қоспабаев  - ҚР ИИДМ көлік комитеті төрағасының орынбасары; «Техникалық байқаудан өту міндетті екенін бәріңіз білесіздер. Оның сатистикасын жасаған жоқпыз. Ал соның кесірінен орын алған жол-көлік апаты жайында статистиканы Ішкі істер органдары жасайды. Дегенмен біз бұл мәселеде бірлесіп талапты күшейту туралы шешім қабылдадық. Мұнда біз арампиғылды адамдардың әрекетіне шектеу қоямыз.Техникалық байқаудан заңсыз өтіп жатқандар бар».

Басты талап – көлік техникалық байқау орталығына кірген кезде-ақ барлық мәлімет автоматты түрде жүйеге енгізілуі тиіс. Осы талапқа сай келетін бағдарлама бойынша жұмыс істейтін 160 орталықтың жүйеге кіретін кілті қайтарып алынды. Олар енді бағдарламаларын жетілдіріп, қайта жұмысқа кірісуі тиіс.

Әлия Ахметжанова – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма басшысы; «Біз жауапкершілікті нақтылап жаздық. Ватсапқа түсірген фото жарамайды. Енді арнайы тек камерамен түсірген фото боулы керек.Барлық мәліметтер жартылай автоматтандырылған режимде бақылауға алынады».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.