Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тестілеудегі өзгешеліктер

c 17:59, 25/06/2020 c 751

0:00 / 0:00

Биылғы ҰБТ 9 пункте өтіп жатыр. Өңір бойынша 5062 жас бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш тастаған. Соңғы 3 күн ішінде ҰБТ тапсыруға 1597 түлек ниет білдірсе, оның 97 пайызы, яғни 1552 түлек тестілеуге қатысқан. Ал 16 түлек өз еркімен тест тапсырудан бас тартты. Биылғы жылы ҰБТ қатаң тәртіпте өтуде. Барлық кабинеттер бақылау камерасымен жабдықталған. Десе де, тыйым салынған заттарды кіргізбек болған оқушылар да кездесіпті. Енді олардың нәтижелері жойылады.
Нәтижесі жойылған түлектер ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысқандығы туралы сертификаты болған жағдайда, ақылы түрде елдегі ЖОО түсуге конкурсқа қатыса алады. Жаңашылдықтың бірі алғаш рет «Face ID» жүйесімен жеке сәйкестендіру жүргізілді. Өзінің орнына басқа адамды кіргізген тұлға 1 жыл бойы ҰБТ-ға қатыса алмайды. Бүгінгі таңда мұндай тәртіп бұзушылық орын алмапты. Індетке байланысты ҰБТ пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Облыс аумағындағы 27-28 маусым күндері коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермес үшін уақытша шектеу шаралары енгізілуіне орай, сенбі және жексенбі күндері өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу пункттеріне тест тапсырушыларды жеткізуге үшін тасымалдау ұйымдастырылады. Түлектерді тасымалдауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады.

Орал қаласының білім беру бөлімі 8 747 113 49 23

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.