Орал қаласында төлем терминалдары тоналып жатыр. Бүгінгі таңда қылмыскерлер сегіз терминалдан ақшаны қолды қылыпты. Сала мамандары бейнебақылау құрылғыларында екі адамның бейнеленген дегендігін айтады. Олар қылмыстарын қарапайым скочтың көмегімен жүзеге асырған көрінеді. Полиция қызметкерлері қылмысқа барған күдіктілер өзге өңірдің тумалары немесе шетелдік азаматтар болуы мүмкін,-дейді.