Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Теректінің тыныс-тіршілігі

c 16:25, 18/06/2018 c 1045

0:00 / 0:00

Бүгінгі таңда 650-ден астам Теректілік тұрғын баспана кезегінде тұр. Азаматтар үшін ең өзекті саналатын мәселе аталмыш ауданда біртіндеп шешіліп келе жатқан секілді. Биылғы жылы Фёдоровка ауылында 3 қабатты 36 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталыпты. Маусым айында іргетасы қаланып жатқан баспана құжат бойынша келер жылы аяқталуы тиіс. Облыс әкімі Теректі ауданына жасаған жұмыс сапары барысында мемлекеттік бағдарламалардың аяқ алысымен танысты.

Теректі ауданында мемлекеттік бағдарламаның аясында 3 қабатты 36 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жоба бойынша аталмыш баспана пәтер кезегінде тұрған азаматтарға табысталмақ. Бүгінгі таңда, ауданда 652 азамат баспанаға мұқтаж. Тұрғын үйді жоспар бойынша келер жылы табысталу керек болса да, мердігерлер құрылысты биылғы жылдың соңына дейін бітіреміз деп отыр.

Ал, бұл аудан орталығында өткен жылдың қыркүйегінде құрылысы басталған он алты жер үйдің бүгінгі келбеті. Бұл баспаналардың баршасы "Нұрлы жер" бағдарламасының арқасында бой түзеген. Аудан әкімшілігі баспаналардың баршасы пәтер кезегінде тұрған азаматтарға табысталатын болады,- дейді.

Облыс әкімі Теректі ауданына жасаған жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесті. Ауыл ақсақалдары аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Тұрғындармен кездесу барысында өңір басшысы құрылысы аяқталған баспаналарды абаттандыру ісін қолға алуды және жасыл-желекті күтіп ұстауды тапсырды.

Өңіріміздегі ең өзекті мәселелердің бірі - тас жолдың сапасы болып тұр. Қазіргі таңда, Теректі ауданында Посдстепный - Федёровка - Ресей федерациясының шекарасынан Алғабас станциясына дейінгі тас жол жөнделіп жатыр. Жол 4-ші санатты болмақ. Оның ұзындығы 19, 363 шақырымды құрайды. Алғабас станциясына дейінгі тас жолдың күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айында басталып, келер 2019 жылы пайдалануға берілмек. Жобаның жалпы құны 2, 597 млрд теңге.

Ал, бұл аудан көлемінде өсімдік және мал шаруашылығын 2004 жылдан бері қолға алған - "Махорин" шаруашылығы. Былтырғы жылы аталмыш шаруашылық 800 гектар жерге егіс салып, 549 тонна болатындай өнім алған. Бүгінгі таңда, бұл шаруа қожалығында жетпіс адам жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ, бұл шаруашылық асыл тұқымды мал өсіру ісін қолға алған. Бүгін де қожалықтың мал қабылдайтын ветеренарлық пункт пен мал өсіретін арнайы орын жабдықталған. Теректі ауданында ауыл шаруашылығын қолға алған кәсіпкер субсидия мәселесін көтерді. Былтырғы жылы малға арналған өнім аз шығып, соның салдарынан биылғы қыста біраз қиындық туындады,- дейді.

Биылғы жылы Теректі ауданына қарасты 7 ауылға газ барады. Сондай-ақ, Сарыөмір ауылында 48 орындық балаларға арналған сауықтыру орталығы да жақын уақытта пайдалануға берілмек. Жобаның жалпы құны 101 млн теңгені құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.