Теректі ауданына қарасты Ақсоғым ауылында өрт шықты. Қызыл жалынның салдарынан қырық шаршы метрді алып жатқан шаруашылық нысаны, 8 тонна шөп пен бұзаулы сиыр жанып кеткен. Сала мамандары "Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз",- дейді. Оттың тұтануына не себеп болғанын анықтау үшін іс полиция қызметкерлеріне берілген. Жалпы 2020 жылы БҚО-да 109 өрт тіркелген. Тілсіз жау 2 адамның өмірін қиып, 3 азамат түрлі жарақат алған.