Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Теннис орталығы сенімгерлік басқаруға беріледі

c 17:31, 22/02/2021 c 454

Оралда 2 млрд теңгенің теннис орталығы саттыққа шығарылды. 2015 жылы салынған теннис орталығын кәсіпкердің қолына 7 жылға сенімгерлік басқаруға беру жоспарланып отыр.Спорттық нысан 7 жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілмек. Конкурсқа қатысушылар үшін кепілдік жарна 20 миллион теңгені құрайды. Нысанның жалпы құны - 697 млн теңге. Бұл ретте оған үстел теннисі мектебінің ескі ғимараты да қоса беріледі. Бұған дейін шенеуніктер құрылыс кезінде теннис орталығының жобасы 2 миллиард теңгеге бағаланғанын айтқан болатын.Сондай-ақ болашақ жеңімпаз өз есебінен  спорттық шаралар өткізіп, спортшылардың жарыстарға жылына үш рет шығуын жүзеге асыруы тиіс. Ал табыстың 50% - ын бюджетке аударуы қажет. Тендер қорытындысы 10-шы наурыз күні белгілі болмақ.КТМ: Естеріңізге сала кетеміз, бүгінге дейін бірнеше спорттық нысан сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Атап айтқанда Мұз спорт сарайы, Ұлттық спорт мектебі және бірнеше спорттық алаңдар. Бүгінде мекемелерде келісімшартқа сәйкес шаралар атқарылуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.