2021 жылы темір жолда 12 апат болды. 12 азаматты жүйткіген отарба қағып кеткен. Соның кесірінен 7 адам қаза тауып, 5 азамат түрлі дене жарақатын алыпты. Сала мамандары темір жол өткелдерінде сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Мамандар азаматтар көбінесе белгіленбеген жерде темір жолды кесіп өтеді дейді. Және қарапайым сақтық шараларын ұстанбайды деп шағымданады. Көбінесе құлаққаппен әуен тыңдаймын деп пойыздың дыбысын естімейтін көрінеді. Отарба тізгіндеген жандар апатты жағдай орын алған кезде өздері есеңгіреп қалатындарын жасырмайды.
Сурет https://promputsnab.ru/ сайтынан жүктелді