Орал қаласында орналасқан тұрғын үйлерде тілсіз жау азаяр емес. Төтеншеліктердің хабарлауы бойынша соңғы оқиға 3-тамызда болыпты. Қызыл жалын Абай көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде тұтанған. Ішімдік ішкен ер адам шылым шегіп, кейін ұйықтап қалады. Ащы суға әуес ер адамның бұл қылығының кесірінен баспанадан өрт шыққан. Жалпы 2021 жылы 165 өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жаудың кесірінен 5 адам қаза тапты.