Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Телеарна 20 жылдығын тойлады

c 17:23, 27/08/2018 c 1096

0:00 / 0:00

«Тдк 42» телеарнасының ұжымы өткен аптаның соңғы күндерінде 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Таң сәрісімен түрлі мерекелік шаралардан бастау алған айтулы күн кешқұрым эстрада жұлдыздарының қатысумен өткен концерпен және отшашумен тәмамдалды. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Телеарнаның 20 жылдық мерекесін тойлау ісі спорттық шарадан басталды. Күндіз 30 дан аса мотожарысшы қалалық саябақтан бастап Тәуелсіздік алаңына дейін «Тдк42» телеарнасының туларын көтеріп, халыққа арнамыздың 20 жылдығы туралы паш етіп қиқулап өтті. Осы орайда елмен етене байланыстағы ақпарат арнасының мерекелік датасын халық да ыстық ықыласпен қарсы алып, жаңа алаңдағы концертке бір үйдің балаларындай бас қосты. Бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпірге айналған арнамыздың мерейін ел ағалары да көтере келді.

Сахнадағы лед экранда әр жылдарда арнамызда өткен бағдарламалар легі көрсетіліп, онда көтерілген мәселелер мен шешімін тапқан түйткілді жәйттер баяндалды. Ал жүргізушілер Ершат Ғайсағали мен Олег Великий телевизия жұмысының қызығы мен шыжығын түрлі ойындар ұйымдастыру арқылы жеткізді. Мәселен тұрғындардың көпшілігі жүргізушілік қызметке қызығатыны сөзсіз, осы орайда орайын тапқан ойын оңай көрінетін жұмыстың қиындығын дәледеп бергендей:

Мерекелік концертте қызметкерлеріміздің де еңбегі еленіп, түрлі марапаттарға да кезек берлді. Жергілікті өнер иелері қойған шоу бағдарламалардың қалалықтарға ұнағаны сонша ән айтып би билеп, қым қуыт тіршіліктің бітпейтін мәселесін бір сәт ұмыт қалдырды.

Айтулы шараның көрікін арнайы шақырылған қазақ эстарадасының жас жұлдызы Әбдіжапар Әлқожа қыздырды.

Осылайша әсем ән әуелеп, би биленіп, түрлі көңіл көтерер бағдарламалармен үйлесім тауып екі сағатқа созылған мерекелік шараның нүктесі әдемі отшашумен қойылды. Халық сүйікті арнасының 20 жылдығына осылайша құттықтап, алаңнан қимастықпен тарқасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.