0:00 / 0:00
Кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалына сауда орталықтары мен мектепке дейінгі мекеме өкілдері жиналды. Ең алдымен осы нысандар жіті тексерілмек. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, бұндай тексеріс соңғы рет 2009 жылы Перьмдегі өрттен кейін болыпты. Кемеровтағы қайғылы оқиға да елімізге үлкен әсерін тигізгені рас. Халықтың көп жиналатын орындары осы жағдайдан соң ерекше назарға алынып, қауіпсіздік шаралары қадағаланады. Тексерістер кәсіпкерлердің төтенше шараларға миллиондап ақша жұмсағанын көрсетеді. Алайда, қызмет көрсету мекемелері «жатқан жыланның құйрығын баспай», бұған салғырт қарап отырғанға ұқсайды.
Ерлан Төрегелдиев, БҚО ТЖД басқарма басшысы
Сауда үйінің басшысы қызмет көрсету мекемесіне хабарласып маман қажет екенін айтады. Алайда оған кешіріңіз, уақытымыз жоқ, қазір тексеріс көп, ертең келейік, түсқайта келейік деген жауап қайтарады. Алайда бұл уақыт күттірмейтін, өмірлік маңызы бар мәселе.
Ал ең көп кездесетін қателік - бұл эвакуациялық есіктердің жабық болуы, автоматты жүйедегі, электр сымдарындағы ақаулар.
Ерлан Төрегелдиев, БҚО ТЖД басқарма басшысы
Эвакуациялық есіктердің жабық болуына байланысты көп ескерту берілді. Бұл кбарлық сауда үйлеріне қатысты мәселе. Жұмыс барысымен жабылып қалған қосымша есіктеп мәселесі түсінікті, алайда кейбір мекемелерде бұндай есіктер үнемі жабық тұрады.
Ақсай шаһарының кәсіпкерлері палатаға аудандық орталықтағы сумен жабдықтауға байланысты өз шағымдарын білдірді. Құбырдағы қысымның шамасы өрт сөндіруге арналған жабдықтарға жетпейтін көрінеді. Палата басшысы аймақты тексеріп, ақауларды тізбектеп, арнайы акт толтыруға кеңес берді.Қауіпсіздік бойынша тексерістер ашық өтеді. Кәсіпкерлердің өздері де бүгінде бұдан қорытынды шығарып, керекті жұмыстарды бастап кеткен.
Лариса Туктамышева, "City center" сауда, ойын-сауық кешенінің меңгерушісі
Аздаған ақаулар анықталды. Олардың барлығы да жойылды. Сити центрдің өрт жағдайына қауіпсіздігінің жоғары деңгейде екенін жеткізгім келеді. Бұны тжд мамандарының атап өтті. Жүйе ақаусыз, қауіпсіз түрде қызмет атқаруда.
Аталмыш тексерістер нәтижесінде қаладағы екі сауда үйдің басшыларына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.