0:00 / 0:00
Елдегі бизнестің жағдайын жақсартуға арналған заң жобасын қорғаймын деп, мәжілістің алдына келген Ұлттық экономкиа вице-министрі Жаслан Мәдиевті депутаттар сұрақтың астына алды. Депутат Азат Перуашев ұлттық банктің ноталарында жатқан 3 трлн теңгені ел экономикасына жаратпай жатырсыздар деп сынады. Мәжілісмен бұл қомақты қаражатты бизнеске беріп, айналдырса болады ғой деп ашуланды.
Бизнес-климатты жақсарту мақсатында бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдарды жою және монополияға қарсы реттеу тиімділігін арттыру нормалары енгізілмек. Қазақ тілінен хабары жоқ ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев осылайша бизнесті дамыту үшін бәрін қатырамыз деп баяндама жасағынмен, депутаттар нақты деректерді келтіріп, сұрақтың астына алды. Депутат Азат Перуашев, екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банк ноталарында жатқан трлндарына шүйлікті. Банктер үшін кәсіпорындарға 4 пайызбен тиімсіз несие бергенше, өз ақшасын қауіпсіз жерге салып қойып, үстінен 9 пайыз пайда көрген әлдеқайда пайдалы. Мәжілісмен Перуашев ұлттық банктегі бұл ақшаны бизнеске беріп, ел экономикасына пайдасын тигізген тиімді дейді.
Азат Перуашев - ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктің ноталарында жатқан 3 трлн теңгесін ұстап отырмыз.3 трлн текке жатыр.Түк пайдаға аспай.Ел экономикасына қолдану керек ғой оны. Ұлттық банкпен осы ақшаны қалай іске жарату қажеттігі утралы кеңеспейсіздер ме? Текке жатыр. Тағы бір мәселе, біз табиғи ресурстарды пайдалану мәселесін де қамтымай отырмыз. Шетелдден көптеген жер қойнауын пайдаланушы компаниялар келіп, жұмыс істеп жатыр. Жылда олар қажетті жабдықтар мен тауарларды алуға 8 трлн жұмсайды. Соның бәрін шетелден алғызады. Неге олар біздің өндіріс орындарының таурын алмайды.Бізде не сол жұмыс киіміндерін тіге алмай ма?»
Байқағанымздай вице-министрдің бұл сұрақтарға нақты жауабы болмай шықты. Жалпылама жауаппен құтылды.
Жаслан Мәдиев – ҚР ұлттық экономика вице-министрі; «Ұлттық банкте ол ақша бар. Ол мәселені біз үкіметте жұмыс отырыстарында талқылағанбыз. Оны экономикаға салу туралы ұсыныстар да айтылды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестікке ұсынылды. Жұмыс істеп жатырмыз. Ал жер қойнауын пайдаланушы компанияларға жергілікті тауарларды сатып алуды ұсыну қиындау боп тұр. Инвесторлармен жұмыс істеп, заңға түзетулер енгіземіз».
Ел бизнесінің дамуы үшін, арзан және ұзақ мерзімге берілетін ақша керек. Бірақ, екінші деңгейлі банктер үстемақысы шарықтап тұрған несиені қысқа мерзімге ғана береді. Яғни кәсіпкер банк алдындағы қарызын өтеуге бүкіл күшін жұмсайды. Осылайша, басты қарызын ойлаған бизнестің дамуы бәсеңдеп отыр. ҰКП мәліметінше, мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі 16 трлн теңгені құрайды.Алайда, жергілікті жердің тауарына сұраныс 30 пайызды ғана құрайды. Қалған 70 пайызы сырттан келеді. Дүкен сөрелері ондаған млрд долларға сатып алынған импорттық тауарларға толы.