0:00 / 0:00
Орал қаласында қан қысымынан зардап шегіп отырған науқастарға тегін берілетін дәрілер тапшы. Мәселен, "Вазар" деп аталатын дәріні науқастар дәріханалардан таппай сандалып жүр. Күннің ыстығында шарасыздықтан препаратты ақшаға сатып алуға мәжбүр болғандар қаншама? Дәрігердің тағайындауымен берілетін дәрілердің тапшылығына не себеп болып отыр?
Кан қысымы жоғары жандар қазіргідей жаз мезгілінде қиналып қалады. Дәрігерлердің тағайындауымен тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тапшылығы-өзекті мәселеге айналып отыр. Мәселен "Вазар" деп аталатын препарат солардың қатарында. Оны тіпті кейде ешбір дәріханадан таптыртпай қоюы-көпшілікті қатты толғандыруда. Шарасыздан науқастар тегін берілетін дәріні ақы төлеп сатып алуға мәжбүр.
-"Менің қан қысымым бар. Ал дәріханада үнемі дәрі жоқ",-дейді қала тұрғыны Алла Любавина.
Вазар дәрісі нөмірі 2ші емханада қаралушыларға тегін берілетін дәріханада біраз уақыт болмаған. Дәріханадан қажетті препараттың табылмауына не себеп? Сала мамандарынан бұл сұраққа жауап алатын боламыз. Әзірге белгілісі дәріханаға 80 қорап қана дәрі жеткізіліпті. ал бұл үлкен аумақққа қызмет көрсеттін емхана үшін жеткіліксіз екенін дәріханашылардың өздері жасырмай отыр.