0:00 / 0:00
Елдегі ахуалға байланысты бір қатар мекемелер жұмысын тоқтатып, онлайн форматқа ауысқаны белгілі. Араға жарты жыл салып, барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, Островский атындағы орыс театр ұжымы жұмысқа кірісті. Айта кеткен жөн театрларда санитарлық нормалар сақталған жағдайда 50 адамға дейін көрермендер қабылдауға рұқсат берілді.Естеріңізге сала кетейік, биыл өнер ордасының 162-шы маусымға дайындықты бастап кеткен. Осы орайда көптеген шаралар мен жаңа жобалар жоспарға ілінген. Алайда, бар елге уын шашқан, аты жаман дерттің кесірінен жұмыстар тотатылды.Таңертеңгі хор, би, дайындық. Бұның бәрін театр ұжымы қатты сағынған. Сахнаның төрінде өнер көрсетіп жүрген өнер иелері үшін онлайн режимінде жұмыс жасау қиын болғанын жеткізді. Әртістірде бір-бірін әбден сағынып қалған. Енді, барлығы бас қосып, алдағы жұмыстарға білек сыбана кіріскен.Айта кетсек, театр саңлақтары осы кезге дейін бірнеше премьера қою керек еді. Алайда жоспарлы жұмыс кейінге қалдырылды. Алайда әртістер көрермендермен өзгеше форматта жүздесті. Бұл бағыттағы жұмыстың да тиімділігі болды деген әртістер, өнер әлеміне мұндай шектеу шаралар рухани өрлеу барысында қиындық келтіреді деген пікірде. Қыркүйекте Гогольдің шығармасы бойынша "неке" спектаклін қойған театр ұжымы, "Адам және джентльмен"," Қонақ үй" сынды туындыларды да көрерменнің көңілінен шыққан.