Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"ТДК-42" ТЕЛАРНАСЫ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

c 09:12, 21/06 c 15

0:00 / 0:00

Өңірімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Ойын алдында БҚО-ның қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шукеева, «Орал өңірі» газетінің тілшісі Есенжол Қыстаубаев және басты ұйымдастырушылар «Жайық пресс» медиахолдингінің атынан Түгелбай Бисен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.

Бұл бәсекеге «Жайық пресстен» медиахолдингі, «Қоғамдық даму басқармасы», «Әділдік жолындағы заңгерлер», жергілікті «Ақжайық» және «ТДК-42» телеарналары қатысып, бақ таластырды. Барлық команда сынға белсенді қатысып, жеңіске жету үшін ойынның соңғы минуттарына дейін аянып қалмады. Ақтық сынға жолдама алған «Жайық пресс» пен «ТДК-42» командалары арасындағы тартыста 0:7 есебімен ойсырата жеңген біздің телеарнамыз Бас жүлдені қанжығаларына байлады. Ал 2-ші және 3-ші орынды «Жайық пресстің» намысын қорғаған қос команда иеленді.

Тартысқа толы жолдастық кездесудің нәтижесінде команда капитандарына кубоктар табысталды. Үздік ойын өрнегін көрсеткен «Үздік ойыншы» ретінде «ТДК-42» телеарнасынан Елданис Оджиев танылса, «Үздік шабуылшы» «Aqjaiyq» телеарнасның қызметкері Әділбек Искаовқа, «Үздік қақпашы» атағы «Жайық пресс» медиахолдингінің маманы Арман Мұқатаевқа бұйырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.