Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

c 11:45, 10/09 c 9

Шаһарымыздың «Таза қала» статусын сақтап қалуына аянбай еңбек етуші еріктілер енді көпқабатты үйлердің ауласын тазалап жүр. 300-ге жуық белсенді жастар атқарған жұмыс жайлы келесі сюжеттен көрейік.

«Тазалық табалдырықтан басталады» - демекші Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ”Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында еріктілерден құралған “Таза аула” автобусы көпқабатты үйлердің ауласын тазалау жұмыстарын жүргізуде. Шараның басты мақсаты - шаһар тұрғындарды тазалықққа шақыру.

Әлеуметтік желіге келіп түскен өтініштер бойынша еріктілер көрсетілген мекен-жайда шөп тазалау, ағаш әктеу, сырлау, қоқыс жинау секілді қызметтер атқарады. Белсенді жастар көмегімен тұрғындар бірлесе кезекті көгалдандыру жұмыстарын Қасым Аманжолов көшесі, 89 үйдің ауласында өткізді.

Аталмыш акция аясында ашылған “Таза аула” автобусы 10-ға жуық көпқабатты үйлердің ауласында тазарту жұмысын жүргізілген.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.