0:00 / 0:00
Өткен сенбі күні "Бірге-Таза Қазақстан" республикалық акциясы мен облыстық "Таза жағалау" атты экологиялық сенбілік кезекті рет ұйымдастырылды. Екі жұмадан бері барлық аудан мен қала тұрғындары су айдындарының жағалауларын күл-қоқыстан тазартуда. Облыс көлемінде өзен-көлдердің жағалауынан 1230 тонна қоқыс жиналған. Оның 371 тоннасы Орал қаласында ғана жинастырылған. Кешегі акцияға 15 мың адам қатысқан. 27-ші шілдедегі сенбілікке 19 мың адам жең түріп, белсене атсалысқан.