0:00 / 0:00
БҚО - да шілденің 27-сінде "Таза жағалау" акциясы басталады. Аталмыш шара биыл 5-ші мәрте ұйымдастырылайын деп отыр. Сала мамандары жағалауды күл-қоқыстан тазартуды көздейтін шараның биыл ерекшеліктері көп дегенді айтып отыр.
Биыл шілденің 27-сінен бастап облыс көлемінде "Таза жағалау" акциясы өз жұмысын бастайды. Шараның мақсаты: жағалау маңын күл-қоқыстан тазарту. Биыл тазалық акция 5-ші рет ұйымдастырылмақ. Сала мамандары биыл бір айы бойы барлық жағалауды бұқара халықпен бірге тазалаймыз деп отыр. Қазірдің өзінде облыс орталығында күл-қоқыстан тазалануы керек орындар 13 бөлікке бөлінген.
Өткен жылы ұйымдастырылған шара барысында өзен-көлдердің жағасынан 938 тонна күл- қоқыс тазаланған. Биыл форматы өзгеше болатын тазалық акциясына 18000- нан астам бұқара халық пен 160 арнайы техника жұмылдыру көзделіп отыр.
Табиғат ананы, әсіресе, өзен-көлдердің жағалауын тұрмыстық қалдықтан тазартуға бағытталған шара 27-шілде сағат 9 жарымда басталады. Сала мамандары облыс орталығында демалыс күндері өзен жағалауларында сенбілік ұйымдастырған жандарға қоқысты жиыстыру үшін арнайы техникамен көмектесеміз,- дейді. Ол үшін 24-04-67 телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.