0:00 / 0:00
Оралда республикалық "Таза Табиғат" акциясы өтті. Сенбілікке балық инспекциясының мамандары қатысып, Жайықтың жағалауын күл-қоқыстан тазартты.
Ел болып, су айдындарының жағалауын күл-қоқыстан тазарту үшін "Таза табиғат" акциясы өтті. Аталмыш шараға облыстық балық инспекциясының мамандары атсалысты. Олар ұжым болып, Жайықтың жағасын тазартты. Жағалауда шашылған пластик, әйнек бөтелкілер мен түрлі тағамдардың қорабын жинады.
Сала мамандары бұдан өзге су айдындарын аулардан тазартып жатыр. Олар қайықтарды тізгіндеп, пайдақор жандардың орнатқан аулауларын судан шығарып, заңсыз балық аулаушылардың жолын кесуде.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еліміздің су айдындарында ау салып, балық аулауға болмайды. Мамандар айдындардан табылған аулардың кімге тиесілі екенін анықтап, істі сотқа жолдайды. Сот мемлекетке келген зардапты кінәлі тұлғадан өндіріп алады. Биыл осындай қармақ салып, ау құруда заң талаптарын бұзған 30 факті тіркеліп, айыптылар жауапкершілікке тартылған.