Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тәуелсіздік тағылымы

c 18:44, 05/12/2018 c 1284

0:00 / 0:00

Қазақ халқы тәуелсіздікке дейін талай зұлмат жылдарды бастан кешіп, азат күн үшін күресіп, атқа қонып, ұлан- ғайыр байтақ жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғай білді. Сын сағатта талай ер азаттық үшін жер жастанып, ел мүддесін өзінің қара басынан жоғары қойып, бүгінгі тәуелсіз ел үшін күрескен болатын. Қазақ халқы өзгеден еншісін алып, өзара хандық құрған жылдан бері талай соғысты бастан кешіп, қара қазан сары баланың қамы үшін қылыш сермеді. Қазақ халқының өр рухы мен келешегі үшін айқастардың баршасы тарихтан өз орынын ала білгендей. 70 жыл КСРО-ның боданына айналған қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы ерлігі 1986 жылдың 17 желтоқсанында орын алды. Бұл оқиға тарихта "Желтоқсан оқиғасы" деген атауға ие болды.

КСРО-ның құрамында болған Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында жариялады. Тарихи шешімді алғаш болып Түркия мен Румыния мойындады.

Егемендігін жариялаған Қазақстан біртіндеп шекарасын бекітіп, 1992 жылдың 4-ші маусымында рәміздер туралы заңнаманы қабылдады. Бұл тарихи шешім болғаны сөзсіз.

Тәуелсіздіктің ерекше символы- ұлттық валюта. Азаттыққа қол жеткізген Қазақ елі алғаш рет 1993 жылдың 15 қарашасында президент жарлығымен төл теңгені айналымға шығаруды қолға алды. Еліміздің аумағында валюта мен монета сарайы болмағандықтан ұлттық теңге Ұлыбританияда жарық көріп, кейін еліміздің аумағына жеткізілген еді. Теңге алғаш айналымға енген кезде қызмет жасаған Ғалия Камшатқызы ақшаны алмастыру туралы жағдайды былай деп еске алды.

Бүгінде төл теңгеміздің қанаты қатайып, әлемдік валюталардың қатарында өз орынын ала білді. Түрлі кезеңді бастан кешкен ұлттық валютамыз дизайны жөнінен халықаралық додаларда түрлі жүлдені қанжығалап жүр. Сондай-ақ, ел үшін маңызды даталарда жарыққа көретін түрлі монеталар да халықтың ықыласына бөленген.
Рәміздерін бекітіп, ұлттық валютасын айналымға енгізген Қазақстан 1993 жылдың 28-шы қаңтарында Ата заңын қабылдады. Еліміздің басты құжаты 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда, демократиялық қоғамды таңдаған қазақия үшін бұл заңнамалар келешек пен заман талабына сәйкес келмей, 1995 жылдың 30-шы тамызында жалпы халықтық референдумда жаңа Конституцияны қабылдады. Сондай-ақ, 1995 жылы Елбасы Қазақстанның көп ұлтты ел екендігін ескере отырып, әлемдік аренада аналогы жоқ Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрды.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.