Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тәуелсіздік алған 30 жылда 110 балабақша ашылды

c 17:19, 13/12/2021 c 2256

0:00 / 0:00

Тәуелсіздіктің 30 жылында Орал қаласында мемлекет есебінен 26, кәсіпкер есебінен 84 жеке балабақша ашылды. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова мәлімдеді. Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік сала нығайып, білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлінді. Жеке ел болған 30 жылда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының құрылысы бірден қолға алынды. Азаттық алған тұста елде ұлт саулығы демігіп тұрды, білім беру саласының да ахуалы мүшкіл еді. Тап осы салалардың «сырқатын» емдеу үшін елде үлкен реформа басталды. Алдымен құрылыс сәбилер игілігі үшін жүргізілді.Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында қойған тапсырмасы бөбекжайлардың ашылуы мен жеке кәсіпкерлердің үлесі арқылы жүзеге асты. 1991 жылы шаһарда 24 мемлекеттік балабақша ғана болған. Мәселен, «Ақ ниет» балабақшасы 2014-ші жылы жұмысын бастаған. 360 орынға арналған бөбекжайда 100- ден аса қызметкер болса, балдырғандарға 8 бағытта білім беріледі. Жыл сайын 100 бүлдіршін қабылдауға қауқарлы ұйымда 16 топ бар. Мысалы, биыл жеке кәсіпкерлер тарапынан 8 жаңа балабақша ашылды. 11 балабақшада орын саны көбейтілді. Бұл қосымша 1 193 баланы қамтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ келесі 2022 жылға тағы екі жеке кәсіпкерден мемлекеттік білім тапсырысын алуға өтініш түсіп отыр. Жыл сайын туу көрсеткіші артып, урбанизацияға байланысты қала халқы көбейіп, сәйкесінше балалар саны да ұлғаюда. Бұл әлеуметтік нысандардың, оның ішінде балабақшалар санын көбейтуді қажет етеді. Осы ретте жеке балабақшалар ашуда инвесторлармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.