Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК

c 09:01, 27/08 c 15

0:00 / 0:00

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен жандарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Жарамсыз тұрғын үйлердің орнына жаңасын салумен қатар, мұқтаж жандарға нарықтағы пәтерлер де беріледі. Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өкілдерінің айтуынша, қаламызда бүгінге дейін зардап шеккендерге екінші нарықтан 581 тұрғын үй сатып алынған.

Қаламызда осы уақытқа дейін су тасқынынан зардап шеккен 1507 отбасыға жаңа және екінші нарықтан сатып алынған үйлер мен пәтерлер берілген. Осындай көмектердің бірі Жымпиты ауылының тұрғыны Гүлнар Жанахметоваға да көрсетілді. 10 жылдан астам "Речник" саяжайында тұрған ол енді екінші нарықтан сатып алынған пәтердің иесі атанды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өкілдері тасқыннан зардап шеккендерге екінші нарықтан 581 тұрғын үй сатып алынғанын мәлімдеді. Бұдан басқа, 552 жаңа үй және 374 жер үй берілген. Бөлім мамандары мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін қалған отбасылардың құжаттарын қабылдауды жалғастыруда.

Су тасқынынан зардап шеккен жандарды қоныстанадыру мәселесі әлі де өзекті тақырып. Қиын жағдайға қарамастан көптеген отбасылар жаңа баспанаға қолдары жетіп жатқанына қуанышты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.