0:00 / 0:00
Тасқала ауданында бұқаралық спортты дамыту үшін жаңа спорт комплексі салынбақ. Бұл туралы ауданның әл-ауқатымен танысуға барған өңір басшысы мәлімдеді. Жағымды жаңалықты сүйіншілеген Ғали Нәжмиденұлы Тасқалада көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарымен танысқан еді.
Тасқала ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі ең бірінші Бірлік ауылына табан тіреді. Аталмыш ауылдың іргесінде 5000 бас малға арналған бордақылау алаңының құрылысы басталыпты. Компания өкілдері биыл етті ішкі нарықта саудалап, келер жылы шетелге сатуды жоспарлап отыр.
Әкім аралаған нысандардың бірі дамба еді. Осы дамбаның мәселесі көктем мен күзде барлық тасқалалықтарды алаңдатып отырғандығы жасырын емес.
Оның құрылысы үшін 10 млн теңгедей қаражат керек. Жөндеу жұмыстарын бастау үшін қаражат қол байлап тұр.
Тасқала ауданында атқарылған жұмысты жіпке тізген аудан әкімі барлық салада қол жеткізген жетістіктерін баяндады.
Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы бұқара халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмысты жалғастырып, бизнестің дамуына тұсау салмайтын жағдайаттарды болдырмай, ел игілігі үшін жұмыстануға шақырып,аудан көлемінде жаңа спорт кешені бой түзейтіндігін жеткізді.