0:00 / 0:00
Әкімдерінің орны бос тұрған ауданның бірі Тасқала еді. Қараша айының соңында осы шекара шебінде орналасқан ауданға да су жаңа әкім тағайындалды. Тасқаланың жаңа әкімі болып бұрын облыстың тас жолдарына жауап беріп, асфальт төсеген Айтмағамбетов Бауыржан Есқайырұлы тағайындалды.
Шекарада орналасқан Тасқала ауданы біраз уақыт әкімсіз отырды. Енді облыстың жолын жөндеп, жаңғырту ісін атқарып келген Бауыржан Есқайырұлы Айтмағамбетов Тасқаланың тізгінін ұстады. Жаңа әкімді дәстүр бойынша аудан активіне облыс әкімі таныстырды. Аймақ басшысы ауданда атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті.
Су жаңа әкім ауданның көркеюі үшін барымды саламын деп бұқара халықтың алдында сөз алды.
Тасқалалықтар жиі сөнетін жарық мәселесіне көңілдері толмай отыр. Олар бұл проблеманы бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Аудан жұртшылығы атқарушы билік күрделі мәселені шешеді деген үмітте.