0:00 / 0:00
Тасқала ауданына 10 наурыздан бері тым көп қар түскен. тіпті ақ ұлпаның биіктігі 40 смге жетіп, ауданнан 28 мың текше метр қар шығарылыпты. Бұл жағдайды Тасқаланың әкімі арнайы бақылауда ұстап, қауіпті деген аумақтардағы жұмыстарды өзі тексеруде. Аудан аумағы бүгінде учаскелерге бөлініп, әр жерге кезекші тағайындалған. Жұмылдырылған 500ден астам қызметкер тәулік бойы қар тазалауда. Бұл жұмыстарға 8 млн теңге қаржы жұмсалды. Ауыл тұрғындарымен де 34 кездесу ұйымдастырылып, 1 жоспарлы, 4 кезектен тыс комиссия отырыс өткізілді.