0:00 / 0:00
Тасқала ауданы – Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында орналасқан. Облыстың ең биік нүктесі – Ешкітау осы ауданда орын тепкен. Ата кәсіп пен егін шаруашылығын қатар түлеткен шаруалар мемлекет тарапынан тұрақты қолдауға ие. Соның нәтижесінде мал басы көбейді, ауыл шаруашылығының өнімі артты. Мәселен, тасқалалық кәсіп иелері 1636 т ет, 5819 т сүт, 772 дана жұмыртқа, 115 т жүн өндірген. 2024 жылы шаруалардың шығынын өтеу мақсатында 40-қа жуық шаруаға 315 млн теңгеге субсидия төленген. Тасқала ауданы бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектісінің саны 1200-ден асады.
ТАЛҒАТ ШӘКІРОВ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудан басшысының айтуынша, көктемгі далалық жұмыстарда кедергі жоқ. Есепті кезеңде жаздық дәнді-дақылдар 25 430, майлы дақылдар 8520 га, мал азықтық дақылдар 4180 га аумаққа егілген. Көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге 800 т, мал азығын дайындау жұмыстарына 360 т арзандатылған жанар-жағармай бөлінген. Сондай-ақ аудан экономикасы дамуының негізгі кепілі – инвестиция тарту. Бұл бағытта биыл 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
ТАЛҒАТ ШӘКІРОВ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Тасқалада ауылға кіреберіс жолдарды жөндеу мәселесі басты назарда»,- дейді Талғат Шәкіров. 2024 жылы ауылішілік автомобиль жолдарын жөндеу бойынша Мерей ауылында 4,47, Ақтау ауылында 5,6 шақырым жол құрылысын толықтай аяқтау жоспарда. Сондай-ақ Мереке және Оян ауылдарына кіреберіс жолды жөндеу қолға алынған. Биыл «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мерей ауылында мәдени сауықтыру орталығы пайдалануға берілсе, қыркүйек айында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру нысанының құрылысы аяқталмақ.