0:00 / 0:00
Тасқала ауданында жұмыссыздардың саны артқан. 2020 жылғы көрсеткіштер 6,8 пайызды құрап отыр. Пандемияға байланысты шекара жабылғандықтан 600 адам қызметінен босап қалды. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарды қызметке орналастыру үшін Тасқала ауданының әкімі тиісті шараларды қабылдап жатырмыз деп есеп берді. Биылғы дәстүрлі әкімдердің есебін Алдияр Халелов жалғастырып, онлайн есеп берді.
Дәстүрлі әкімдердің есебін Тақсала ауданы басшысы Алдияр Халелов жалғастырды. Онлайн өткен жиында аудан әкімі 2020 жылы атқарған жұмыстарын жіпке тізді. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, коронавируспен күрес жұмысына тоқталып өтті. Аудан дамуында оң өзгерістер мен қоса өзекті мәселелерді бұқараға мәлім етті. Мәселен, биыл Тасқалада екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандардың қарасы артқан. Шекара жабық болғасын 600 азамат жұмысына орала алмай отыр. Яғни, 600 отбасының табысы азайған. "Ауылдық жерде жұмыссыздардың санын төмендету үшін кәсіп бастауды үйрету керек",- дейді әкім.
Ауданның экономикасын арттырудың бірден-бір жолы ауыл шаруашылығын дамыту. Ал мал өсіріп, егін салып отырған шаруаларға бірінші кезекте су тапшы болмауы керек. 2020 жылы 6 бөгетті жөндепті. Биыл 7 бөгет пен дамбаны жөндеу жоспарланып отыр.
Есепті қорытындылаған аймақ басшысы Тасқала ауданындағы ірі жоба- цемент зауытына тоқтап, көрші елде жұмыс жасайтын қызметкерлердің мәселесіне тоқталды.
Ажар Хамитова тілші:
-Дәстүрлі әкімдердің есеп беру эстафетасы 20-ақпанда қорынтындыланбақ. Аймақ басшысы сол күні батысқазақстандықтардың алдында онлайн есеп беріп, атқарған жұмыстарын баяндайды, -дейді.