Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тәртіптік кеңес отрысы өтті

c 00:00, 11/03/2015 c 833

0:00 / 0:00

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшылық етуімен кезекті Тәртіптік Кеңестің отырысы өткізілді. Отырыста мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысында орын алған олқылық істеріне қатысты бес мәселе қаралды. Тәртіптік кеңестің күн тәртібіне қойылған 5 мәселенің алғашқысы -Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Кенжетайұлының баяндамасымен басталды. Басқарма басшысы жұмыс барысында атқарған шаруалардың біразына тоқталып, 2014-2015 жылы басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілердің анықталмағандығын атап өтті. Сонымен қатар, өз қарауындағы қызметкерлердің беделін көтермелеуде сыйақы бөлу туралы ұсынысын тастады. Ал, кеңес мүшелері бұл жағдайды қарауға салынғандығын атап өтті. Ал, екінші мәселеде Бөкей орда ауданы Саралжын ауылдық округінің әкімі Рашқалиев Қуандық жұмыс сұрап келген азаматша Биғалиеваны балағаттағаны үшін айыпты - деп танылып отыр. Сонымен қатар, аталған тұлға еңбек кодексін бұзу, жұмыс орнында ішімдік ішу сынды құқық бұзушылықтарды бұрын да өткеріп келгені белгілі болды. Тәртіптік кеңес нәтижесі бойынша, Саралжын ауылдық округінің әкімін жұмыстан босату туралы ұсынысты айтылып, бір жақты қолдау тапты. Сонымен қатар, келесі мәселеде кеңесте ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Батырхановтың да ветеринариялық заңнамаларың сақталуы туралы ісі қаралып, нәтижесінде қысқартылсын - деген шешім тапты. Ал, Шыңғырлау ауданының бөлім басшысы Азамат Бисембаев жеке кәсіпкерлікпен келісім-шартқа отырып, мемелкеттік мүлік - деп танылатын компьютерді 150 мыңға сатып алған. Бірақ, кейін белгілі болғандай, компьютер әкімдікте емес, Бисембаевтың иелегінде болып шығады Ал, соңғы мәселеде, Зелеонв колледжі басшысының уақытша міндетін атқарушының тұлғаны жұмысқа қабылдау ісі жағдайы айтылып, аяғында іс қысқартылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.