0:00 / 0:00
Жол тәртібін бұзған тәртіп сақшылары жол апатына ұшырады. Облыс орталығындағы Сырым Датов көшесі бойында кеше түн жарымда «1416» қызметтік нөмірлі полиция қызметі көлігі электр бағынасына соқтығысқан. Жол апаты түнгі уақытта сағат 2:40-та болған. Куәгерлердің телефонына түскен кадрларға көз жүгіртсек, электр бағанына соқтығысқан жол талғамайтын темір тұлпардың алдыңғы бөлігі қатты зағымданған. Осы орайда «Жайық жарығы» ЖШС мамандары бағынаны қайта ауыстыру керектігін айтады. Ал БҚО ПД өкілдері қателікке бой алдырған сақшының үстінен қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.