Оралдағы 170/3 түзету мекемесіне 17 ұялы телефон, 19 қуаттағыш құрылғы мен 50-ден астам сим-карта баз-біреулер арқылы қоршаудан лақтырып, сотталғандарға жіберілмек болған. Бұл туралы түзету мекемесінің мамандары мәлімдеді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталған. Мамандар "құнды" сыйлық кімге арналғанын тексеріп жатыр. Сондай-ақ түрменің қызметкерлері, түзету мекемесінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлерді де жіті тексере бастаған. Әлі күнге дейін заң бұзған азаматтың кім екенін анықтамапты. Қылмысқа барған азамат әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылмақ.