0:00 / 0:00
Оралдық көрерменге Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мұнайдар Баймолданың "Он төрт Жалпақталдағы жалын" атты романның желісінде сахналанған қойылым жол тартты. Өткен жылы жазушы бұл туындысын облыс халқына таныстырған еді. Сол кезде жазушының суреттеген оқиға желісін Жалпақтал өңірінде халықтық театр бірінші сахналаған болатын. Романда Өлке тарихы мен он төрт жасар жеткіншектердің ерлігі баяндалады.
Оралдық көрерменге Жалпақтал жерінде Сталиндік репрессиядан кейін, қазақ жастарының тәуелсіздікті қалап, бас көтерген оқиғасы баяндалған оқиға сахналанды. Жас болса да, тәуелсіздік қалап, ұлттың мүддесін жоғары қойған жеткіншектердің ерлігін Мұхамбетжан Ғұмаров атындағы халықтық театрының актерлері сомдап берді.
Тарихи романның басты кейіпкері -он жеті жасар Ғұбайдолла Әнесов. Ол Жалпақтал жерінде қазақтың тәуелсіздігін қалайды. Сол себепті Жалпақтал селосында 1940 жылы "Қазақ халқын қорғаушылар" деген атауға ие жасырын жастар ұйымын құрған. Ол төрағалық еткен ұйым, Совет үкіметінен Қазақстанның бөлініп шыққанын қалап, хат жазады. Алайда, жастардың арасында сатқын болып, олардың бірін қалдырмай ұстап берген. Сол кезде, Әнесов атылып, қалған жасырын ұйымның мүшелері сотталған.
Өлке тарихын көркем тілмен жеткізген романның авторы он төрт арыстарының тарихы әріден басталды,-дейді.
Тәуелсіздікке ұмтылған он төрт арыстың ерлігін сахналаған Мұхамбетжан Ғұмаров атындағы халықтық театр ұжымы биылғы жылы алпыс жылдық мерей тойын атап өтпек.