0:00 / 0:00
Тарихи ғимарат сұрықсыз күйде қараусыз қалған. Орал қаласының Шапай көшесі 18 мекен-жайындағы бұл ғимаратта осыдан 5 жыл бұрын " Күлəш" фильмі түсірілген болатын. Ал қазір бұл жерде шығармашылық жұмысы жүрді дегенге сену қиын. Есік-терезелері қирап, қоқысқа толған үй қараусыз қалған. Ал тарихи мұраларды қорғау инспекциясы ғимараттың жеке қожайыны барын айтады. Бірақ ол тарихи жəдігерді күтіп-баптауға, қорғауға көңіл бөлмей отырған көрінеді. Сол себепті инспекция қожайынды сотқа берген. Сот шешімі бойынша мемлекет ғимаратты сатып алуға құқылы. Егесі оның құнын 100 млн. теңгеге бағалапты.